Қостанай облысы ІІД және «Динамо» Дене шынықтыру және спорт бөлімі қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша спорттық іс-шаралардың 2015 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес және «Динамо» Дене шынықтыру және спорт бөліміне 90-жыл толуына орай жуырда самбо күресінен Қостанай облысы ІІД және «Динамо» Дене шынықтыру және спорт бөлімінде чемпионат өткізілді.
«Самбо» күресінен ең үздік команда атағына Қостанай облыстық құқық қорғау органдарының командалары бақ сынады. Қорытындысында Арқалық қаласы ІІБ командасы 1- орынды иеленіп үздік атанды.
Қоғамымызда кездесетін заңға қайшы әрекеттердің жолын кесіп, азаматтардың құқығын сақтау барысында түрлі оқиғаларға тап келіп, небір ауыртпалықты мойнымен көтеретін полицейлер үшін әркез спорттық бабында жүру – қызмет талабы.
Ішкі істер органдарында қылмыспен күрес жолында полиция қызметкерлерінің спорттық даярлығы ерекше мағынаға ие екенін ескеріп, мемлекеттік «Салауатты өмір салты» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түрлі спорттық іс-шаралар өткізіліп келеді.
Аталған «Самбо» күресінен өткен жарысқа Қостанай облыстық құқық қорғау органдарының командалары қатысты. Жарыс 8 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді.
57 кг. салмақ дәрежесінде Арқалық қаласы ІІБ қызметкері – Б. Ильясов 2-орынды иеленді.
68 кг. салмақ дәрежесінде Арқалық қаласы ІІБ қызметкері – Е. Жәнібек 1-орынды иеленді.
74 кг. салмақ дәрежесінде Арқалық қаласы ІІБ қызметкері – А. Қасымханов 1-орынды иеленді.
100 кг. салмақ дәрежесінде Арқалық қаласы ІІБ қызметкері – Д. Сейдазимов 1-орынды иеленді.
100 кг. артық салмақта Арқалық қаласы ІІБ қызметкері – Қ. Қайнеш 3-орынды иеленді.
Жалпы командалық есепте Арқалық қаласы Ішкі істер басқармасының командасы 1-орынға ие болды.
Жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен және медальдармен марапатталды.
Қайсар Нұрғазин,
Арқалық қаласы ІІБ бастығының
кадр жұмыстары жөніндегі орынбасары
полиция майоры.
Комментарии