Биылғы мерекелерді ұлықтаған тағы бір спорттық шара ҚБО- ның ұйымдастыруымен «Шұбар доп» аталатын волейбол жарысы ретінде көрініс тапты. Бұл бәсекеге іріктеу ойындары қаламен бірге ауыл мектептерін де толық қамтыған болатын. Командалар үш топқа бөлініп, үздік шыққандар № 4 орта мектептің спорт залында, жарыстың ақтық ойынында бас қосты. Тартысты бәсеке қорытындысы бойынша қыздар арасында Ш.Уәлиханов атындағы №1 орта мектебі I орынды иеленсе, II орынға №4 орта мектебі, III орынға Б.Майлин атындағы №3 орта мектебі қол жеткізді.

Ұлдар арасындағы шешуші ойында № 5 орта мектебі III орынды қанағат тұтса, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия спортшылары II орынды олжалады. Бас жүлде А. Құнанбаев атындағы №6 орта мектебінің қанжығасында . Жеңімпаз командалар медальдармен, кубоктармен марапатталды. Енді Ш.Уәлиханов атындағы №1 орта мектебінің қыздар командасы мен А. Құнанбаев атындағы №6 орта мектебінің ер волейболшылары 16 қараша күні Қостанай қаласында өтетін облыстық «Шұбар доп» жарысында қаламыздың намысын қорғайды. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Дархан Амантайұлы

Комментарии Спорт

У вас нет вкладок для отображения