
1998-1999 жылдар аралығындағы жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Орал қаласында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Чемпионатынан балуанымыз жүлдемен оралды.
Бапкері Данияр Қарпықовтың айтуынша, облыстың намысын қорғамақ ниетте қаламыздан 11 спортшы аттанған. Солардың ішінде Асылан Сағитбектің бағы жанып II орынды олжалап қайтты. Қаламыздағы №1 орта мектептің оқушысы Асылан 73 келі салмақ дәрежесінде 6 кездесу өткізіп, бес қарсыласын таза ұтқан. Қазақстан Республикасының құрама командасына кірген ол, жуырда Түркия елінде өтетін Халықаралық турнирде бақ сынамақ.
Баян Ажимухан
