Жақында Рудный қаласында 1996-1998 жылдары дүниеге келген жас жеткіншектер мен қыздар арасында дзюдодан облыстық чемпионат болып өтті.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абай САРЫБАЕВТЫҢ мәлімдеуінше, облыстық чемпионатқа іріктеусіз өткен палуан бар. Ол – былтырғы жылы өткен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында күміс жүлдеген атанған 81 келі салмақта белдесетін Асылан Сағитбек. Ол қазіргі таңда республикалық спорт колледжінің тәрбиеленушісі.

Жалпы, ҚР чемпионатында 7 салмақ дәрежесі бойынша арқалықтық спортшылар сынға түспек. Олардың алтауы облыстық чемпионатта өз шеберліктерін көрсетіп, І орынға ие болғандар. Атап айтсақ, 48 келіде №5 ОМ оқушысы Ақбаян РАМАЗАНОВА, 52 келіде №1 ОМ оқушысы Раушангүл РЫСКЕЛДІ, 57 келіде былтырғы жылғы ҚР чемпионатында қола жүлдеге ие болған Арқалық медицина колледжінің оқушысы Жаннұр КЕНЖЕБЕКОВА, 63 келіде Арқалық көпсалалы колледжінің оқушысы Гүлдана ЖҰМАТАЙ, 60 келіде №4 ОМ оқушысы Нұрсұлтан ИСМАГУЛОВ, 90 келіде бұған дейін ҚР чемпионатында қола жүлдеген атанған Қостанай мемлекеттік университетінің студенті Алмас ЖҰМАҒАЛИ іріктелді.

Рудный қаласында өткен облыстық чемпионатта екінші сатыға биіктеген спортшылар да бар. Олар: 55 келіде АрқМПИ студенті Батухан КЕЛДЕН, 60 келіде №1 ОМ оқушысы Абай БАЛМАШ, 73 келі салмақта №4 ОМ оқушысы Ерсұлтан БОЛАТ, 90 келіде Ерғанат РЫЗДЫҚ, ал 70 келі салмақта Торғай гуманитарлық колледжінің оқушысы Индира ТӘПЕН.

81 келі салмақ дәрежесінде Торғай аграрлық-техникалық колледжінің оқушысы Елнұр СӘЛІМОВ ІІІ орынды жеңіп алды.

Қайрат Есмағамбетов

 

Приятный подарок по случаю 60-летия Аркалыка и 60-летия Торгайского бокситового рудоуправления был сделан работниками градообразующего предприятия горожанам, увлекающимся спортом. Горняки, своими силами отремонтировали хоккейный корт, восстановили над ним уличное освещение, а также соорудили раздевальную комнату для хоккеистов в здании Центра дополнительного образования. Но и это еще далеко не все… 

В преддверии Нового года в спорткомплексе «Кайрат», впервые проводилось открытое первенство города по дзюдо «Олимпиада үміттері».

Арқалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, жас боксшы Жанна Серікова жуырда Қостанай облысы әкімі А. Мұхамбетовтың қолынан диплом алып қайтты. Ол облыстың үздік және дарынды мектеп оқушыларының қатарынан табылды.

Қараша айының соңғы күндері Арқалық қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан аймақтық жарыс өткізілді. Онда Арқалық қаласы, Амангелді, Жанкелдин аудандарының жас былғары қолғап шеберлері күш байқасты.

Комментарии Спорт

У вас нет вкладок для отображения