Осындай тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Жәнібек Ғапбасұлы мен Сабыржан Тасмағанбет білім алушы жастармен жүздесулер өткізуде.
Аталмыш кездесулердің мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдық мерейтойы болса керек. Атап айтсақ, Арқалық қаласында осы қоғамдық институттың мүшелігіне ие жоғарыда есімдері аталған қос азамат қана. Елге еңбегі сіңген, ұрпақ тәрбиелеу жолында қыруар жыл қызмет атқарған Жәнібек Ғапбасұлы Ассамблеяның артықшылығы неде, оның саяси мәні қандай екенін жастарға түсіндірсе, Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры Сабыржан Нұрсалиұлы бұл институттың шығу тарихын, оның ел дамуына жасайтын ықпалы жайында жастарға кең мағлұмат берді.
Бейбітшілік пен келісім - Тәуелсіз Қазақстанның киелі ұғымдары. Бұл оның өркендеп дамуына апаратын даңғыл жол. Себебі, Қазақстан көпұлтты мемлекет бола тұра, ұлтаралық ұрыс-керістің, наным-сенім мен дінаралық араздасудың ошағы болып көрмеген. Себебі, ел тату, елдің бірлігі бекем.
Осы қасиетті құндылықытарымызды дәріптеу үшін Ассамблея мүшелері орта арнаулы білім ордаларында кездесулер өткізіп, жастармен емен-жарқын әңгімеге тартты. Сондай кездесулердің бірі (суретте) сәрсенбі күні Арқалық медицина колледжінде өтті.
«Торғай-ақпарат»