Тұңғыш Президент күніне орай қала жастары Ә. Боранбаев атындағы кинотеатрда мерекелік жиын өткізді. Шараның бас қонағы Арқалық қаласының әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ болды. Белсенді жастар бас қосқан жиында жас буын өкілдері қала басшысымен әңгімелесіп, өздерін толғандырып жүрген бірқатар мәселелерімен бөлісті.

Бүгінде Арқалықта тұрғын үйге мұқтаждар саны жүздеп саналады. Кешегі дағдарыстың салдарынан демографиялық көрсеткіштері тым төмендеп қалған шаһар ықшамдалуға мәжбүр болғаны баршаға белгілі. Қала жұрты орталыққа шоғырланып, шеттегі мөлтек аудандар қаңырап, бос қалды.

У вас нет вкладок для отображения