Войти Регистрация

Войдите под Вашим аккаунтом

Логин
Пароль *
Запомнить

Создать свой аккаунт

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.
Имя
Логин
Пароль *
Повторите пароль *
Email *
Повторите email *
Капча *
111

Арқалық қаласының тұрғыны Анар Жанбосынова жақында республикалық кәсіптік шеберлер байқауында 1 орынды жеңіп алды. Астана қаласында өткен шеберлердің бұл додасы – кәсіптік оқу орындарының арасында өтетін әлемге әйгілі World Skills байқауының іріктеу кезеңі. Яғни, республикалық байқаудың жеңімпазы Анар Жанбосынова Бразилия елінің Сан-Паулу қаласында өтетін халықаралық чемпионатта Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Анар көпбалалы жанұя мүшесі. Осыдан бір жыл бұрын мемлекеттік «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Қостанай бытсервис колледжіне 10 айлық курсқа жіберілген болатын. Шаштараз-модельер мемлекет қамқорлығының арқасында шаш сәндеудің заманауи тәсілдерін меңгеріп, азғантай уақыттың ішінде шыңдала түсті. Көп ұзамай, шеберлігі еленді. Алғашында өз оқу орнында көзге түссе, кейін республикалық дәрежеде оң бағасын алды.

Анардың айтуы бойынша, World Skills чемпионаты 7 номинация бойынша өтеді. Атап айтқанда, «шаштараз-модельер», «электр отымен дәнекерлеуші», «токарь», «ІТ маманы» және т.б. Яғни, республикалық чемпионатта аталған мамандықтардың ең мықтылары іріктелді.

- Қатысушыларға билеттер ұсынылды, - дейді Анар, байқау шарттарына тоқталып. - Әр билетте үш тапсырма. Маған түскен билетте ерлер мен әйелдердің шаш қою үлгісін жасау мен 1920-1930 жылдардағы әйелдердің шаш қою үлгісін көрсету талап етілді. Әр тапсырманы бар ынта-жігеріммен орындауға тырыстым, - дейді сайыс жеңімпазы.

World Skills кәсіптік шеберлердің әлем чемпионатына 72 мемлекет қатысады. Оның басты мақсаты – кәсіптік білімнің мәртебесін арттыру, кәсіптік шеберлерді даярлау стандарттарын жетілдіру. Бразилияның Сан-Паулу қаласында ақтық сайыс қыркүйек айында өтеді деп жоспарлануда. Оған дейін Анар Жанбосынова Алматы қаласында дайындық курстарынан өтпек және Татарстан республикасының астанасы Казань қаласында өтетін халықаралық чемпионатта да бақ сынаспақ. Шаш сәндеу өнерінің шебері Анарға тек қана сәттілік тілейміз!

Баян АЖИМУХАН