Войти Регистрация

Войдите под Вашим аккаунтом

Логин
Пароль *
Запомнить

Создать свой аккаунт

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.
Имя
Логин
Пароль *
Повторите пароль *
Email *
Повторите email *
Капча *
111

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ұлы Абайдың шығармашылығын кеңінен насихаттауды мақсат еткен байқаудың өтіп жатқанына он-он бес жылдың жүзі болды. Арқалық аймағы да бұл ән мен жыр додасынан қалыс қалған емес. Әр жылдары «Абай оқуларының» жеңімпаздары атанып, қаламыздың, облысымыздың намысын қорғаған оқушылар аз болған жоқ. Биыл да олардың ізбасарлары бізді жеңістерімен қуантуда. Облыста өткен «Абай оқуларында» қаламыздың үш бірдей оқушысы 1 орынды жеңіп алып, республикалық оқуларға жолдама алды.

«Абай оқулары» - өзіндік ережесі, қатаң талабы бар байқау. Онда жеңіске жету оңай шаруа емес. Сондықтан да болар, «Абай оқуларындағы» жеңіс – дәрежелі жеңіс деп саналады.

Арқалық аймағында бұл белді байқаудың бастау бұлағында тұрған ұстаздардың бірі - қалалық білім бөлімінің әдіскері Сәуле Бадаева. Педагогтың айтуы бойынша, Арқалықтың тарихында үш баланың қатар 1 орынды жеңіп алуы – тұңғыш рет болып отыр.

Атап айтсақ, «Өлең – сөздің патшасы» атты Абай мен Шәкәрім өлеңдерін мәнерлеп оқу кезеңінде Абай Құнанбаев атындағы №6 орта мектептің 10 сынып оқушысы Мерей Сыздықбаева жеңіске жетті. Жаттаған өлең саны – 240. Ұлы ақынның шығармашылығын зерделеуде бағыт-бағдар көрсетуші ұстазы – Лиза Ибикенова.

«Көңілім әнді ұғады» атты кезеңде 1 орынды Абай мен Шәкәрімнің 30 әнін әуелете білетін Бейімбет Майлин атындағы №3 орта мектептің 9 сынып оқушысы Айымгүл Жұмаханова еншіледі. Бұл кезеңде оқушының вокалдық қабілеті, әнді тыңдарманның жүрегіне жеткізе білу шеберлігі сынға түседі. Бұл сыннан мүдірмей өткен Айымгүлдің ұстазы – Ұлмекен Жақыпбекова.

Ал, үшінші – «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты оқушының өз шығармашылығы сынға түсетін кезеңде Ы. Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Елдос Мұқатай 1 орынды жеңіп алды. Ақынға арнау өлеңдер мен оның шығармашалығын арқау еткен балғын шумақтардың авторы Елдосқа жетекшілік етуші – Сәуле Сейдағалиқызы.

Үш бірдей жеңіс – үлкен жетістік. Байқаудың өзінде үш-ақ номинация. Бұл дегеніміз - жеңістің бәрі жерлестерімізге бұйырды деген сөз және олардың жеңіске лайықты болғанының айғағы. Қатысушылар саны да аз болған жоқ. Балалардың айтуынша, Қостанай облысының 25 ауданы бақ сынасқан екен.

Үздік үштікке тілейтініміз – табыс пен сәттілік. Енді оларды алда республикалық «Абай оқулары» күтіп тұр. Сәуле Бадаеваның мәлімдеуінше, байқаудың ақтық сыны қыркүйек айында ғұламаның туған жері Семейде өтпек.

 

Қайрат ЕСМАҒАНБЕТОВ

 

  1. Вконтакте
  2. Инстаграм
 

Объявления