Войти Регистрация

Войдите под Вашим аккаунтом

Логин
Пароль *
Запомнить

Создать свой аккаунт

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.
Имя
Логин
Пароль *
Повторите пароль *
Email *
Повторите email *
Капча *
111

Халқымыздың біртуар азаматы, белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған І республикалық «Менің Қазақстаным!» атты ән фестивалінде үш бірдей жерлесіміз жүлдемен оралды.

Балаларды ән өнеріне баулып жүрген бастауыш гимназияның музыкалық жетекшісі Динара Жүсіпбекованың айтуынша, бұл балалардың бірінші жетістігі емес. Атап айтсақ, эстрадалық вокал номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі лауреат 5-7 жастағы балалар аралығында «Ақбота» балабақшасынан Айару Жүсіпбекова, 9-11 жас аралығында бастауыш гимназия оқушысы Сабина Хамитбекова ІІІ дәрежелі лауреат атанса, аталмыш жас аралығында Әділхан Мырзағали І дәрежелі лауреат болып, жеңіс тұғырына көтерілді. Әділхан мен Айару – қалалық «Арқа жұлдызы» байқауының жеңімпаздары.

Бүлдіршіндердің вокалдық қабілеттеріне баға берген қазылар алқасының мүшелігінде ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова болды. Байқауда әсем әнімен тыңдарманның көңілінен шыққан арқалықтық бүлдіршіндерге өзінің ақ тілегін айтып, өзінің ән кешіне қатысуға жолдама берді.

 

«Торғай-ақпарат»