Арқалық қалалық білім бөлімінің конференц залында, бүгінгі күннің өзекті мәселесі- суицидке қарсы семинар өткізілді.

Аталмыш семинарға қала әкімінің орынбасары Есламбек Мәметеков, Арқалық қалалық жүйке аурулары диспансерінің бас дәрігерлері Зира Ғазизқызы, Гүлжан Жекібаева және де қала мектептері мен оқу орындарынан бір топ психологтар қатысты.

Өкініштісі, суицид бүгінде жеке адамдардың ғана емес, жалпы қоғамның басты мәселесіне айналғаны баршамызға мәлім. Жер бетінде осының алдын алу үшін жасалып жатқан шаралар да жетерлік.

Айта кетуіміз керек, дәл осы өршіп тұрған суицид жайлы газетіміздің өткен санында ғана, қаламызда жылдың басынан орын алған  оқиғалардың санын тізбектеп  жазған болатынбыз. Алайда газеттің келесі саны шықпай тұрып, өз өмірімен тағы екі адам қоштасты.

Міне, осыған орай ұйымдастырылған семинар барысында сөз алған психологтар бұл жағдайға, әсіресе,отбасылық проблемалардың шешімін таппаған, немесе, психологиялық күйзеліске ұшыраған жандардың баратынын айтып кетті. Сондай-ақ бұл мәселенің алдын алу мақсатында психологтардың балалармен жасалып жатқан жұмыстары талқыланып, жоспарлар жүктелінді. Сонымен қатар, егер  қандай да бір жанның күйзеліске ұшырап, суицидтің белгісін сезген жағдайда 7-25-40 сенім телефонына хабарласуға болатынын ескертті. Және де бұл телефон нөміріне хабарласу арқылы, психологиялық жағдайға тап болып, оңай шешімге келе алмай қиналған, кез-келген жан өз сырымен бөлісуіне болады.

Тағы бір өкініштісі, мәліметтерге сүйенсек, өлімге баратындардың басым көпшілігі қазақтар екен. Алланың ескертуі бойынша, өз жанын қиғандардың жазасы ауыр болатынын білетін мұсылман бауырларымыздың бұған не үшін баратыны тағы да үлкен сауалға қалып отыр.

Баян БАБАСОВА  

 

Лента новостей

 

Интервью