Соңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың жиіленуіне байланысты және балалар құқығын қорғау бүгінде кезек күттірмес мәселелердің бірегейі. Жуырда Арқалық қаласының білім бөлімі секторы басшысының орынбасары Жанат Кожаковамен тілдескен болатынбыз.

 

Сұхбат барысында, білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты бағыттардың бірі, білім мекемелерінің ішкі және сыртқы бақылау камераларымен жабдықтау болып табылатыны сөз болды. Бүгінгі уақытта осы мәселенің шешімі Қазақстан Республикасының Үкіметінің жеке бақылауында тұр. Арқалық қаласы бойынша бұл мәселе сәуір айынан бастап қолға алынып, өз нәтижесін беруде.

Бүгінде қала бойынша екі мектепке толыққанды бейне бақылау орнатылған. Олар №2 орта мектеп және А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы. №2 орта мектепке 16 бейне бақылау орналастырылған. Оның екеуі сыртқа,   он төрті ішке орналасқан. Ал Бастауыш гимназияға он бейне бақылау қойылып оның екеуі сыртқа, сегізі ішке қойылған.  Негізінен бейне камераларды орналастыруы оқу-тәрбиелеу процесінде кейбір бұзушыларды жоюға және түзетуге мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың сабаққа кешігуі, сабақтан себепсіз кетуі, үзіліс уақытында қақтығыс жағдайларын, мектеп базасындағы материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді. Бейне бақылау камералары, көпшілік орталарға яғни дәліз, шағын орталықтарға, спорт залдарға орналастырылған. Ендігі осы жұмыстың қаржысына тоқтала кетсек. №2 орта мектепке мемлекет қазынасынан 630 мың теңге қарастырылса, Бастауыш гимназияға 370 мың теңге қарастырылды. Келер жылы осы мәселе төңірегінде Абай Кұнанбаев атындағы №6 орта мектепке толыққанды  бейне бақылау жүргізіледі деп күтілуде. Бөлінетін қаржы екі миллион, 957 мың теңгені құрап отыр. Жұмысты жүргізетін мердігер компания Алматылық ИП KAZ SPEC SYSTEM жұмысты толыққанды қолға алады деп қорытындылады Жанат Кожакова. Жалпы Арқалық қаласына қарасты 27 мектеп оған қоса, бала бақшаларға толыққанды бейне бақылау, болашақта өз жалғасын табады деп күтілуде.

 Айтжан Құрымғалиұлы

Лента новостей

 

Интервью