Ә. Боранбаев атындағы кинотеатрда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» және 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ақындар айтысы өтті. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Мәдениет сарайының ұйымдастырған айтыстың шымылдығын қала әкімінің орынбасары Е. Мәметеков құттықтау сөз сөйлеп ашты.


Айтысты «Арқалықтың Жүрсіні» атанған өнерпаз Қайрат Байділдин жүргізді. Жыр аламанында облыстық, республикалық жыр додаларында ат оздырған айтыскер жастармен қатар қалалық мектеп оқушылары айтысының жеңімпаздары да бақтарын сынады.


Жас берендер ел тарихын жырға қосып, ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың ерен еңбектерін насихаттады.


- Тарихқа үңілетін болсақ, 1 желтоқсан кездейсоқ таңдалып алынған күн емес, 1991 жылы нақ осы күні республика Президентінің бірінші бүкілхалықтық сайлауы өткізілді. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, бейбіт саясатты еліміздің егемендігі Қазақстан Республикасы Президентінің атымен тікелей байланысты,-дейді шараны ұйымдастырушылар.


Айтыстың бас жүлдесін танымал айтыскер ақын Тоба Өтепбаев қанжығасына байлады. Бірінші орынды Айбар Рағатов, екінші орынды Бекболат Қаленов, екі үшінші орынды Батырлан Сағынтаев пен Рысбай Ғабит иеленді. Өзге де қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда: «Жас ақын» номинациясын Шыңғыс Төлепберген, «Жыр жауһары» номинациясын Рысбай Қамқор, «Көрермен көзайымы» номинациясын Рауан Терек еншіледі.


Ақындарға салт - дәстүрімізге сай тиісінше сый - сияпат көрсетілді.

Лента новостей

 

Интервью