Өткен аптада Тәуелсіздік күніне орай Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты жаңа жатақханасының ашылу салтанаты болып өтті. 248 орынға лайықталған жатақхананың ашылуында қала әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ қатысып, салтанатты түрде студенттер үйінің кермесін қиды.
Мемлекеттік «Студенттер баспанасы» бағдарламасы бойынша салынған жатақхананы қайта жөндеуден өткізу мақсатында 430 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Жалпы республика бойынша бұл бағдарлама шеңберінде 4,26 миллиард теңге қаржы қарастырылған. 2017 жылы Қазақстанда жатақханадағы орын тапшылығы 80%-ға кемімек.
{vsig}stories/gallery1/obwgallery{/vsig}
Республика бойынша талдау жасайтын болсақ, Арқалықта жатақханадағы орын тапшылығы мәселесі жылдан жылға оңтайлы шешіліп келеді. Бүгінгі таңда өзге аймақтан келген студенттердің жатақханамен қамтамасыз етілуі басқа қалалармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.
АрқМПИ-ның жаңа студенттер үйінде тұрмысқа жайлы жағдай туғызылған. Әр бөлмеде теледидар, бөлек дәретхана мен душ кабинасы, тоңазытқыш орнатылған. Ғимарат ішінде кір жуатын машина, электроплиталар, жұмсақ жиһаз және т.б. бар. Сондай-ақ, бірінші қабатта мультимедиялық зал, студенттердің өзін-өзі даярлау залы, студенттер кеңесінің штабы, акт залы, асхана, ас үйі және кір жуатын бөлме орналасқан.
Комментарии
деді бір кезде Жоке!)))))))))