Дені сау адам  – мемлекеттің ең бағалы капиталы.
(В.Комат)

Спорт – денсаулық кепілі десек, денсаулық – адам жаны мен тәнінің амандығы. Спорттың адам денсаулығына пайдасы көп екенін білсек те, денсаулықты нығайтудың көптеген спорт түрлерін білмей жатамыз.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деп қазақ халқы айтқандай, ауырмаудың жолының бірден-бір кепілі – волейбол.
Волейбол – қозғалыс пен әдіс-тәсілдерді талап ететін қиын да қызықты спорт түрі. Қаламыздағы  балалардың денсаулығын нығайту, дәріске деген қызығушылыққа тәрбиелеу мақсатындағы «Намыс» волейбол секциясына  жалпы білім беретін және ауыл мектептерінен 70 тен астам мектеп оқушылары мен жасөспірімдер қатысады.
Бұл жас қыз балалар мен ұл балалар 1996-2002 жылдар аралығындағы «Намыс» волейбол клубының мүшелері. Алға қойған мақсаттары мен бағыттары бойынша  «Намыс» (волейбол) секциясы  20   жылдан бастап жұмыс атқарып келе жатыр.
Осы жылдар ішінде «Намыс» волейбол ойыншыларын тәжірибелі ұстаз Ғабит Хасенов жаттықтыруда. Білікті ұстаз, Ғабит Байғұлыұлы тәрбиелеген шәкірттері «Намыс» секциясы құрылған кезден бастап, қала, аудан, облыс, тіпті республика деңгейіндегі сайыстарға түсіп, қанжығаларына 1-ші, 2-ші дәрежедегі деңгейдегі жүлделерді байлап келеді. Атап айтсақ, биылғы жылы 8-10 сәуір аралығында өткен облыс мектеп оқушылары арасындағы жазғы спартакиада бағдарламасы шеңберінде волейболдан аймақтық ойындарда 1-ші орынды иеленіп,  Қостанай облысы бойынша 16 аудан, 4 қала командаларының арасынан бас жүлдемен оралып қайтты. «Намыс» волейбол секция мұнымен ғана шектелмей, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруды алға мақсат етіп қойған. Осы мақсатпен қазіргі уақытта 1997-2002 жылдар арасындағы ұл балалар мен қыз балалар секцияның дайындығына қатысады.   



Гүлперзент Мақажан
№4 орта мектебінің
9 «Э» сынып оқушысы

Лента новостей

 

Интервью